loading...
Декан
Структура университета
Деканат
Даталар мен фактілер
Структура факультета
Старые названия университетов


НУРГАБЫЛОВ МУРАТ НУРИДИНОВИЧ

Факультет деканы, PhD докторы

Байланыс телефоны: +7 701 557 77 94     

E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. 

Мекен-жайы: Қолбасшы Қойгелді 163А,

FacebookInstagram  

 

Акынова Гулшат Оразгалиевна

   Педагогика ғылымдарының магистрі

   Оқу ісі-жөніндегі декан орынбасары

   Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

 

Факультет тарихы:

«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті  2009 жылы құрылған. Факультеттің алғашқы деканы ф-м.ғ.к., доцент Аязбаев Талғатбек Лесбекұлы болды. Факультет құрамында «Физика және химия», «Биология», «Математика және есептеу техникасы», «Стандарттау және сертификаттау» кафедралары жұмыс атқарды. Факультеттің ашылған сәтінен бастап,  қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан т.ғ.д., профессор Ж.Абдулла, ф-м.ғ.д., профессор Қ.Тоқжігітов, т.ғ.к., доцент Қ.Амиров, т.ғ.д., профессор М.Немеребаев, ф-м.ғ.д., профессор Жумабаев М.Ж., ф-м.ғ.к., профессор Тамаев Сәбит, ф-м.ғ.к., доцент Абитбеков И., г.ғ.к. Ботбаев А.К., б.ғ.к. Бектурганов Б.Б., тех.ғ.к. Айтекова К.У., а/ш.ғ.к. Алтынсариев А.Ж., а/ш.ғ.к. Сейтбаев К.Ж., а/ш.ғ.к. Даулетбекова А.Т., ф-м.ғ.к. Шырақбаев А.Б., п.ғ.к Онгарбаева М.Б., тех.ғ.к.Маликтаева П.М., тех.ғ.к. Саржанова К.Ш., в.ғ.к. Казакбаев К.М., в.ғ.к. Абдибеков Б.Т., тех.ғ.к. Шымыр Ж.А., PhD Мырзабеков Ж.Е. жұмыс істеген мамандарды атап айтуға болады.

2017 жылы құрылымдық өзгерістердің болуына байланысты факультеттің аты «Жаратылыстану» болып өзгертілді.

2019 жылдан бастап, «Жаратылыстану» факультетін PhD Нургабылов Мурат Нуридинович басқарып келеді. Құрамында «Жаратылыстану мамандықтары», «Ақпараттық коммуникативтік технологиялар», «Биология және ауылшарушылық мамандықтар», «Тарих және география», «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедралары жұмыс атқаруда. 

 

Білім алушылар:

Факультеттің білім беру бағдарламалары талапкерлердің сұранысына ие. Соңғы үш жылда олардың саны бір жарым есеге өсті. Бүгінде факультетте 1100 адам білім алуда, оның 59-ы грант иегерлері, оның ішінде 44-і мемлекеттік білім гранты, 3-і жергілікті білім гранты, 3-і «Қазақстан халқына» гранты, 7-і ректорлық гранты, 2-і әскери білім гранттарының иегерлері. Факультетте халықаралық олимпиадалардың, халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары да оқиды. Факультетте Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерден келген шетелдік студенттер, сондай-ақ Қазақстанның көптеген облыстарынан: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбеден келген білім алуда.

 

Оқытушылар:

«Жаратылыстану» факультетінде 90-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 4 PhD, 9 ғылым докторлары мен профессорлар құрамы, 20-дан астам ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер бар. Қазіргі уақытта факультеттің 3 оқытушысы докторантурада оқып жатыр. 

 

Жұмысқа орналастыру:
Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы 80%-ды құрайды.

 

Зертханалар:

«Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасында:

«Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының» зертханасы, «Ауылшаруашылық мамандықтар» зертханасы, «Энтомология» зертханасы.

 

 «Стандарттау және ветеринария» кафедрасында:

«Жануарлар морфологиясы» зертханасы, «Ветеринариялық санитарлық сараптау» зертханасы, «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының ғылыми-зерттеу орталығы, «Тауарлардың сапасын физика-химиялық тұрғыдан зерттеу» зертханасы. 

 

«Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасында:

«Беиорганикалық химия» зертханасы, «Органикалық химия» зертханасы, «Магистранттардың ғылыми зерттеу зертханасы тауарлар саласының физика-химиялық» зертханасы.

 

«Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасында:

«Компьютерлік желілер» зертханасы, «Компьютерлік графика және дизайн» зертханасы, «Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы» зертханасы, «Программалау» зертханасы, ІТ академиясы жұмыс істейді.

IT Академиясында білім алушылардың әртүрлі санаттарына,  атап айтсақ, 10 жастан + 50 жасқа дейін курстардың кең спектрі ұсынылады:

- ҰБТ-ға дайындық (Информатика пәнінен);

- Робототехника;

- Графикалық дизайн;

- "Күміс IT" цифрлық сауаттылықты арттыру курсы;

- Компьютерлік  модельдеу.

 

Бакалавриат 

6В01 Педагогикалық ғылымдар

6В01506- Математика (IP)

6В01509 – Химия (IP)

6В01501 – География

6B01503 - География (IP)

6В01502 – Математика және физика

6В01602 – Тарих

6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

6В05101– Биология

6В05102 – Биология-санитарлық эпидемиология

6В05301 – Химия

6В05302 – Физика

6В05401– Математика

6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6В06101– Информатика

6В06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6В06103 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар

6В06104 – Компьютерлік инженерия

6В06105 – Компьютерлік ғылымдар

6В07 Инженерлік өңдеу және құрылыс салалары

6В07501 – Стандарттау және сертификаттау

6В07503 – Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау (салалар бойынша)

6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В08101 – Агрономия-экология

6В08102 – Өсімдік қорғау және карантин

6В08123 – Агрономия

6В09 Ветеринария

6В09101 – Ветеринарлық санитария (маман, оқу мерзімі 5 жыл)

6В09102 – Ветеринарлық медицина (маман, оқу мерзімі 5 жыл)


Магистратура 

7М01 Педагогикалық ғылымдар

-Математика

-Биология

7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

-Тарих

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

-Физика

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

-Стандарттау және сертификаттау (салалары бойынша)

7М01505-“Информатика және цифрлық технологиялар”